Еуропадағы жабайы фауна мен флораны және табиғи мекен ортаны қорғау жөніндегі конвенция (Берн конвенциясы) (Convention on the Conservation of European Wildlife and Natural Habitats) — 1979 ж. Бернде (Швейцария) құрылған. Қатысушылары Қатысушылары — 23 мемлекет, Еуропалық экономикалық қоғамдастық. Мақсаттары Мақсаттары — жабайы фауна мен флораны және олардың табиғи мекен ортасын, әсіресе қорғалуы бірқатар мемлекеттердің ынтымақтастығын талап ететін түрлер мен мекенортаны сақтау; осындай ынтымақтастыққа жәрдемдесу.
Негізгі ережелері Негізгі ережелері — популяцияларды экологиялық, ғылыми және мәдени талаптарға сай келетін деңгейде сақтау жөнінде қажет шаралар қолдану; құрып бара жаткан және азайып калған түрлер мен мекенорталарды қорғау жөніндегі ұлттық бағдарламалардың жасалуына жәрдемдесу; Конвенцияның орындалуын бақылайтын тұрақты комитет құру.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Дереккөздер
Санат:Экология Санат:Табиғатты қорғау