Ақы - жұмысшы алатын жеке табыс; жалақы ставкасының еңбектену уақытына көбейтілуі арқылы есептеледі.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
Ақы - қазақы отбасында баланың сауатын ашу үшін медреселерде немесе бөлек киіз үй тігіп, молдаларға Ақы төлеп оқытатын болған. Алты ай көктем мен жаз оқытканына молдалар үш-төрт бас қой алған. Бұл молдалар көбінесе көшіп-қонып жүрген татарлар болды. Сондай-ақ, мал емдеген емшіге оның ақысын заттай, айталық, тері-терсек, елтірі, сеңсең, жүн серкеш, тоқты, қой, мата түрінде ақы беретін болған. Кейініректе ел арасында ақша айналысы арта түскен кезден бастап, ақыны ақшалай беру үрдісі ене бастаған. Ақы ны қолма-қол алған соң, немесе беретін мал иесі атағаннан кейін емсек емші ол кәдеге ризалығы ретінде «Ниетің қабыл болсын!» деп батасын беретін. Ақының шаруашылық, ғұрыптық және әдеттік құқықтық салалардағы түрлері бар.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Саясат әлеуметтануы Санат:Мәдениет