Идентификация (), — "сәйкестендіру" деп те аталуы мүмкін. Идентификация (психология): (А) басқа адамға ұқсау. Осы үрдіс суперэго (Жоғарғы мен) болуына итермелейді; (В) индивидтің өзін басқа адаммен, топпен, идеалмен эмоционалды және т.б. теңестіруі үрдісін және нәтижесін бейнелейтін категория.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9 Идентификация (информатика), тұлғаны растау (identify) үшін дербес, не өзге мәліметтермен бірге пайдаланылатын өзіне тән есімді, немесе нөмірді білдіреді. Олар бастылары: (A) есімі (өз есімі, әкесінің есімі және тегі), әлеуметтік сақтандыру нөмірі, туғанкүні, мемлекеттік, немесе үкіметтік жүргізуші куәлігі, немесе сәйкестендіру нөмірі, шетелдік тіркеу нөмірі, мемлекеттік төлқұжат нөмірі, жұмыс берушінің немесе салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі; (B) бірегей биометриялық мәлімет, мысалы саусақ ізі, дауыс жазбасы, көзторы кескіні немесе ирис кескіні, немесе басқа бірегей физикалық көріністері; (C) бірегей электрондық сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы, немесе маршрут коды; (D) телекоммуникациялық сәйкестендіру мәліметтері, немесе құрылғылық қабылдау (access device). Идентификация (биология) Идентификация (риторика) Идентити (айрық)
Дереккөздер