Айтым Әбдірахманов (20.12.1928 жыл, қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы) Жарқын ауылы – 20.3.1994 жыл, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1991).«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9
ҚазПИ-ді (1951, қазіргі ҚазҰПУ) Қазақстан Ғылым Акедемияның Тіл және әдебиет институтының аспирантурасын (1954, қазіргі Тіл Білімі Институты) бітірген.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3 Қазақстан Ғылым Акедемияның Тіл білімі институтында кіші (1954–1958) аға (1958–1970) ғылыми қызметкер бөлім меңгерушісі (1970–1980) жетекші ғылыми қызметкер (1981–1994) болып қызмет атқарды. Ғылыми жұмыстары «Қазақстан топонимдерін тарихи этимологиялық тұрғыдан зерттеу» деген тақырыпта доктрлық диссертация қорғады. Әбдірахмановтың ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілінің топонимика, терминологиялық және емле мәселелеріне арналған.
Әбдірахманов 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның «Қазақстанның жер-су аттары», 1959; «Топонимика және этнотопонимика», 1975; «Қазақстан этнотопонимикасы», 1979 авторы.
Дереккөздер
Санат:20 желтоқсанда туғандар Санат:1928 жылы туғандар Санат:Уәлиханов ауданында туғандар Санат:20 наурызда қайтыс болғандар Санат:1994 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары