Гүлбану Зарлыққызы Айманбетова (25.03.1959 жыл, Алматы қаласы) - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары.
Өмірбаяны 1981 ж. АХШИ-ды бітірген, экономист. 1981-83 жж. - АХШИ оқытушысы. 1983-87 жж. - С. Орджоникидзе атындағы Мәскеу басқару институтының стажер зерттеушісі, аспиранты. 1987-91 жж. - АХШИ оқытушысы. 1991-94 жж. - ҚР Мемлекеттік статистикалық комитетінің басқарма бастығының орынбасары, бөлім бастығы, макроэкономикалық көрсеткіштер және халық шаруашылығын талдау жетекші басқармасының бастығы. 1994-2001 жж. - ҚР Ұлттық банкінің экономикалық статистика басқармасының бастығы, статистика басқармасының бастығы, зерттеулер мен статистика департаменті бастығының орынбасары, бастығы. 2001 жылдан - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары.
Марапаттары Құрмет грамотасы (1990) «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) мерейтойлық медалі ҚР Президентінің Алғыс хаты (2001).Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X
Дереккөздер
Санат:25 наурызда туғандар Санат:1959 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан банкирлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері