Төлеген Аршанов (1888, Жаңақала ауданы, Жиделі ауылы — 1965, Ақжайық ауданы, Алғабас ауылы) — күйші. Әкесі Тасмағамбеттің үйретуімен 6 жасынан домбыра тартқан. Мөтен, Сейтек, Дина, т.б. атақты өнерпаздармен кездесіп, күй үйренген. Еңбек жолын Бекетай ауылдық кеңесінің хатшысы ретінде бастаған ол Жаңақала, Жәнібек ауданының халық театрларыңда домбырашы болған. 1934 ж. А. Жұбановтың шақыруымен Алматыға барып, Құрманғазының күйлерін үнтаспаға жаздырған. Аршанов — белгілі күйші О. Қабиғожинның ұстазы. Құрманғазының әйгілі "Терісқақпай" күйін алғаш жеткізген адамдардың бірі. Батыс Қазақстан облысы. Эндиклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Тұлғалар