Болатбек Серікбайұлы Әбдірәсілов (15 шілде 1958 жыл, Қызылорда облысы, Қызылорда) — физика-математика ғылымдарының кандидаты (1986), биология ғылымдарының докторы (1997).
Ұлттық ғылыми академиясының академигі (2024), Халықаралық ақпарат академиясы (1998), Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2008). «Білім беру ісінің үздігі», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері».
Өмірбаяны Қызылорда педагогикалық институтын (1979, қазіргі Қоқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген. КСРО Ғылым академиясының Биофизика институтының аспирантурасын (1986) бітірген.
Еңбек жолы 1980–1986 жылдары КСРО ҒА Биофизика институтында стажер-зерттеуші, аспиранты болды. 1986–1992 жылдары Қызылорда педагогикалық институтта оқытушы, кейін аға оқытушы, доцент, декан 1992–1994 оқу ісі жөніндегі проректор қызметтерін атқарды. 1994–1996 жылдары Ресей Ғылым академиясының Жасушалар биофизикасы институтында аға ғылыми қызметкер болды. 1996–1998 жылдары Қызылорда гуманитарлық университетінің ректоры, 1998–2000 жылдары Қызылорда мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, профессоры қызметін атқарды. 2000–2001 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпараттық және тестілеу орталығының директоры болды. 2001–2004 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры, 2004-2007 Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің (ВАК) төрағасы қызметтерін атқарды. 2007–2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы — Астана қаласының кураторы. 2010–2012 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы болды. 2012–2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры. 2016–2017 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі. 2017–2018 жылдары ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 2018–2021 жылдары Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті болды. 2021 -2024 жылдан бастап Қарағанды индустриялық университетінің ректоры.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024 2024-2026 - Ұлттық тестілеу орталығының директоры 2026 жылдан бастап ҰТҚО ның ғылыми жобаларының жетекшісі және ETS компаниясымен байланыска жауапты
Ғылыми қызмет саласы Б. С. Әбдірәсілов өзінің ғылыми жолын биофизика және биохимия салаларындағы іргелі зерттеулерден бастады. Халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланған көптеген ғылыми еңбектерінің арқасында ол әлемдік деңгейдегі танымал ғалым мәртебесіне ие болды. Бірнеше монографиялардың, оқу құралдарының авторы.
Қазіргі уақытта ол педагогикалық өлшеулер саласындағы зерттеулермен, еліміздің білім беруді бағалау жүйесін жетілдірумен және білім сапасын бағалаудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін дамытумен белсенді түрде айналысуда. Озық зерттеулер жүргізетін әлемге танымал ғылыми орталықтармен және университеттермен тұрақты ғылыми байланыстар орнатты. Осы саладағы қазақстандық ғылымды әлемдік деңгейге шығару бағытында мақсатты жұмыстар атқаруда.
Б. С. Әбдірәсілов — білім беруді бағалау, психометрия және педагогикалық өлшеулер саласындағы мамандарға арналған «Педагогикалық өлшеулер» тоқсандық рецензияланатын ғылыми журналының негізін қалаушы әрі бас редакторы.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігiнің Ұлттық тестілеу орталығы Б.С. Әбдірәсіловтың стратегиялық басшылығымен білім беру сапасын мониторингілеу жүйесін трансформациялау бойынша келесідей нәтижелерге қол жеткізілді:
· Ұлттық тестілеу жүйесін цифрландыру: 45 аймақтық орталықты қамтитын, бір уақытта 6000-ға жуық респондентті бағалауға қабілетті біртұтас цифрлық экожүйе құрылды. Жүйе нәтижелерді нақты уақыт режимінде генерациялауды қамтамасыз етеді.
· Академиялық тұтастықты қамтамасыз ету: Жүйенің технологиялық архитектурасы мемлекеттік бағалау процестерінің объективтілігін, транспаренттілігін және деректер қауіпсіздігін халықаралық стандарттар деңгейінде кепілдендіреді.
· Халықаралық ғылыми коллаборация: 2024 жылдан бастап Б. С. Әбдірәсілов бастаған зерттеу тобы әлемдік жетекші орталықтармен (ETS, АҚШ; AQA, Ұлыбритания; Жоғары Экономикалық Мектебі, РФ) бірлесіп, бағалау құралдарына жасанды интеллект алгоритмдерін интеграциялау бағытында ізденістер жүргізуде.
· Ғылыми апробация және жарияланымдық белсенділік: Зерттеу нәтижелері халықаралық және отандық ғылыми кеңістікте кеңінен апробацияланды. Бүгінгі таңда орталық зерттеушілері Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорына кіретін рецензияланатын журналдарда 25-тен астам ғылыми мақала, сондай-ақ жетекші ғылыми журналдарында 80-нен астам ғылыми жұмысын жариялады. Ғылыми нәтижелер АҚШ, Ресей, Нидерланды, Ұлыбритания және Түркиядағы халықаралық конференцияларда, саммиттерде таныстырылды.
· Инновациялық тестілеу модельдері: 2026 жылғы ақпанда Educational Testing Service (ETS) ұйымымен жоғары оқу орындарына қабылдауға арналған, психометриялық модельдеу мен AI технологияларына негізделген Admissions Insight Test (AIT) жаңа буын тестілерін әзірлеу туралы келісімге қол қойылды.
2024 жылы ол «Бірыңғай ұлттық тестілеу: тарихы, тәжірибесі және болашағы» атты монографияның бірлескен авторы атанса, 2026 жылы педагогикалық өлшеу саласындағы магистранттар мен докторанттарға арналған «Білім берудегі бағалау және өлшеу: квалиметриялық тәсіл» оқулығын автор бірлестігінде дайындады. Бұл еңбектер білім беру сапасын бағалау мен педагогикалық өлшеу әдіснамасын дамытуға бағытталған маңызды ғылыми-әдістемелік жұмыстардың қатарын толықтырды. Сонымен қатар, оның жетекшілігімен Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған алғашқы оқулық дайындалып, ғылыми-педагогикалық айналымға енгізілді.
Іргелі ғылыми жетістіктері үшін Б. С. Әбдірәсілов Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының П. Л. Капица атындағы алтын медалімен марапатталған. Бұл марапат 1994 жылдан бері ғылыми саласындағы айрықша еңбегі үшін беріледі.
Scopus халықаралық дерекқорындағы Хирш индексі (h-index) – 5-ті құрайды.
«Құрмет» орденімен (2005) марапатталған.“Қазақ Энциклопедиясы”
Дереккөздер
Санат:15 шілдеде туғандар Санат:1958 жылы туғандар Санат:Қызылордада туғандар Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Халықаралық ақпарат академиясы академиктері Санат:Қазақстан Республикасының жоғары мектебі ғылыми академиясы академиктері Санат:Халықаралық Жоғары мектебі ғылыми академиясы академиктері Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Қызылорда гуманитарлық университетінің ректорлары Санат:Қазақстан биологтары Санат:Құрмет орденінің иегерлері