Бауыржан Түйтеұлы Әбдішев (3.06.1968, Жаңаарқа кенті, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы) - мемлекет және қоғам қайраткері, Қарағанды облысының әкімі.
Өмірбаяны Білімі 1993 ж. Қарағанды политехникалық институтын бітірген; 1998 ж. Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-ды бітірген; 2000 ж. - Халықаралық заң академиясының 24 сессиясының тыңдаушысы (Будапешт, Венгрия); 2005 ж. Ресей кеден академиясын (Мәскеу) бітірген, экономист.
Қызмет жолы 1987-1989 жж. - Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген. 1992-1994 жж. - Қарағанды қаласы №4 автобус паркінің жетекші экономисі. 1994-1995 жж. - Қарағанды облысы жолаушылар көлігі басқармасы сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің жетекші инженері. 1995 ж. - Қарағанды облысы бойынша Кеден басқармасының жолаушылар бөлімінің инспекторы, бас инспекторы, бастығы. 1999 ж. - Қостанай, Қарағанды облысы бойынша Кеден басқармасы бастығының орынбасары. 1999-2002 жж. - ҚР МКМ Кеден комитетінде басшылық мемлекеттік қызметтер атқарды. 2002 ж. - Павлодар облысы бойынша Кеден басқармасының бастығы. 2003 ж. - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары. 2004 жылдан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 2008 жылдан - «Нұр Отан» ХДП орталық аппараты Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар мониторингі департаментінің директоры (Астана). 2009 жылдың маусымынан - «Нұр Отан» ХДП инновациялық комитеті төрағасының орынбасары; 2009 жылдың қыркүйегінен - бірінші орынбасары (Астана). 2010 - 2012 жылдары Қарағанды қаласының әкімі. 2012 - 2013 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі. 29.01.2013 - 20.06.2014 жж. - жылдың қаңтарынан Қарағанды облысының әкімі.
Шендері Кеден қызметінің полковнигі.
Марапаттары «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2005) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-XҚазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қарағанды әкімдері Санат:Қарағанды облысының әкімдері Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті түлектері Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті түлектері Санат:Ресей кеден академиясы түлектері Санат:Қазақстан кеден қызметі полковниктері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Қазақстандағы жемқорлықпен сотталғандар