Геннадий Николаевич Гамарник 1948 ж. 30 қаңтарда Жаңасібір қаласында (РКФСР) туған.

1970 ж. АХШИ-ды бітірген, экономист. Экономика ғылымдарының докторы (2003), профессор (2003). «Еуразия» ХЭА академигі (2000), ЖМ ХҒА академигі (2005).

1970 ж. - ҚазКСР Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету министрлігінің бухгалтер-ревизоры.

1971 ж. - Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген.

1971-88 жж. - АХШИ аға ғылыми қызметкері, аға оқытушысы, декан орынбасары, кәсіподақ комитетінің төрағасы, партком хатшысы, доценті.

1988-92 жж. - Қазақ республикалық басқару жоғары мектебінің оқу жұмысы жөніндегі проректоры.

1992 ж. - ҚР Монополияға қарсы комитеті бас басқармасының бастығы.

1992-95 жж. - ҚазМБА 1-ші проректоры.

1995 ж. - ҚР Министрлер Кабинеті Аппаратының экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі.

1995-97 жж. - ҚР білім министрінің 1-ші орынбасары.

1997-2000 жж. - Семей мемлекеттік қаржы институтының ректоры.

2000-03 жж. - Д.М. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры.

2003-06 жж. - ҚР білім және ғылым 1-ші вице-министрі.

2006 жылдан - Халықаралық бизнес университетінің ректоры.Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X

Дереккөздер

Санат:30 қаңтарда туғандар Санат:1948 жылы туғандар Санат:Новосібірде туғандар Санат:Жаңа экономикалық университеті түлектері Санат:Қазақстан экономистері Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің профессорлары Санат:Еуразия Халықаралық экономистер академиясы академиктері Санат:Жаңа экономикалық университеті оқытушылары Санат:Қазақ республикалық басқару жоғары мектебі оқытушылары Санат:Семей мемлекеттік қаржы институты ректорлары Санат:Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті ректорлары Санат:Халықаралық бизнес университеті ректорлары