Жүсіпқалиев Батырғали (15.9.1883, Ресей империясы, Астрахан губерниясы, Қамыс-Самар қисымы, 4-болыс, 10.2.1916, Ресей империясы, Астрахан губерниясы) — алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі.

Болыстық орыс-қазақ мектебін және Астрахан гимназиясын 1911 ж. тәмамдады. Жылына 300 сом мөлшерінде 1911 ж. Ішкі Орда қазақ қоғамдары белгілеген стипендиямен Саратов университетінің медициналық факультетіне түсті.

1912 ж. күзде өз өтінішімен Қазан университетіне ауыстырылды. 1913 ж. Саратов университетіне қайтып оралды. 1915 ж. университетті бітірген соң Астрахан губерниясының Ішкі Ордадағы 1-медициналық учаскесіне қызметке жіберілді. Хан ставкасы кентінде дәрігер К. Парамоновпен бірге жұмыс істеді. Учаскені аралап жүргенде бөртпе сүзек ауруын жұқтырып, қайтыс болды.Әлжанов А., Шокин Ә., Досаханов Ә., Алғашқы қазақ дәрігерлері, А., 1984.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер