Chan Young Bang (Пан Чханъён) - КИМЭП университетінің президенті.

1936 ж. 24 шілдеде Корея Республикасы туған.

Йонсей университетін (Корея), бакалавр (тарих, саясаттану), магистр (экономика); Невада университетін (АҚШ), магистр (экономика); Колорадо университетін (АҚШ) бітірген, ғылым докторы (Ph.D). Экономика ғылымдарының докторы (1977, Колорадо университеті, АҚШ).

1972-75 жж. - Калифорния университетінің (Лос-Анджелес) оқытушысы.

1978 ж. – Сан-Франциско университетінің оқытушысы.

1978-88 жж. - Сан-Франциско университетінің Азия және Тынық мұхит аймағы мәселелері жөніндегі ҒЗИ атқарушы директоры.

1980-81 жж. - Калифорния университетінің (Лос-Анджелес) профессоры.

1988-89 жж. - Ханьянь университетінің Экономикалық зерттеулер институтының профессоры.

1990-92 жж. - ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңесі төрағасының орынбасары.

1991-93 жж. - ҚР Президентінің бас экономикалық кеңесшісі.

1992 ж. - «ЮСКО Интернешнл» АҚ төрағасы.

1992-94 жж. - ҚМЭБИ атқарушы директоры.

1998-2004 жж. - ҚМЭБИ Қамқоршылар кеңесінің төрағасы.

2000 жылдан - ҚМЭБИ президенті.

ҚР Президентінің Құрмет Грамоталарымен, «Достық» орденімен марапатталған (2003). «Қазақстанның үздік шетелдік инвесторы» наградасының иегері (2003). Көптеген ғылыми монографиялардың, мақалалар мен жарияланымдардың авторы.

Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Мінсіздік, көрегендік». Қазақстан қаржы аясына талдау: «Қазақстанның банк жүйесі ТМД-да ең дамыған. Апайда, адам ресурстарын тартып, банк секторын жетілдіру қажет. Қор нарығы дамымаған, табиғи ресурстарға тәуелділік тәуекелі де бар. Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін аталмыш мәселелер шешімін табуы тиіс».Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар