Александр Сергеевич Павлов (1 қаңтар 1953 жыл, Павлодар) — қазақстандық экономист, қаржыгер, мемлекет қайраткері.

Білімі 1965 ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, химик-органик. 1974 ж. В.В. Куйбышев атындағы Белорус мемлекеттік халық шаруашылығы институтын бітірген, экономист. 1991 ж. Кеңес одағының Коммунистік партиясы жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген, саясаттанушы.Александр Сергеевич Павлов (персональная справка)

Еңбек жолы 1974-75 жж. - Павлодар облысы қаржы бөлімінің аға экономисі. 1975-76 жж. - Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген. 1976-87 жж. - «В.И. Ленин атындағы Павлодар трактор зауыты» ӨБ қаржы бөлімі бастығының орынбасары, жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы. 1987-91 жж. - Павлодар облысы атқару комитетінің қаржы басқармасының бастығы. 1991-92 жж. - Павлодар облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1992-94 жж. - Павлодар облысы әкімінің орынбасары. 1994 ж. - ҚР Қаржы министрінің бірінші орынбасары - Бас салық инспекциясы бастығы. 1994-98 жж. - ҚР Қаржы министрі 1996-99 жж. - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 1999-2000 жж. - ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары. 2000-02 жж. - «Қазақмыс» корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары. 2002 ж. - ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрі. 2002-04 жж. - ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары. 2005-06 жж. - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ бірінші вице-президенті.

Қоғамдық қызметі 2004 ж. - «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқармасы мен Директорлар кеңесінің сыртқы кеңесшісі. 2004-2025 жж. - «Қазақстан Халық банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.У Halyk Bank будет новый председатель совета директоров 2004-07 жж. - «Нұр Отан» ХДП төрағасының орынбасары. 2006-08 жж. - «Самұрық» қазақстандық холдингі» АҚ тәуелсіз директоры.

Марапаттар «Құрмет» (1998), «Барыс» (2003) ордендерімен, 5 мемлекеттік медальдары.

Жеке басы туралы мағлұмат Әскери атағы - запастағы подполковник. Үйленген. Жұбайы - Павлова Наталья Александровна (1954 ж. т.). Қыздары - Елена (1982 ж. т.), Ольга (1987 ж. т.).Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-XҚазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:1953 жылы туғандар Санат:Павлодарда туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан қаржыгерлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:Отан орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Барыс орденінің иегерлері Санат:Қазақстан қаржы министрлері