Ермек Хасенқызы Абланова (1939 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы) – химия ғылымдарының докторы (1996), профессор (1997).
ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Осы университетте аспирант, лабораторияның кіші ғылыми қызметкері (1961–70) 1970 жылдан физика химия мен электрлі химия кафедрасының доценті, профессор қызметтерін атқарды. «Физико-химические основы процессов комплексообразования некоторых элементов с унитиолом и перспективы применения унитиолатных комплексов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 97 ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 оқу құралының («Физикалық химия есептеріне арналған оқу құралы», 1980; «Физикалық химия», 1997) авторы.
Санат:Қазақстан химиктері Санат:Химия ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары