Нереидтер () – Көпқылтанды құрттар‎ тұқымдасы.

Тіршілігі мен сыртқы құрылысы Теңіз түбіндегі тұнба немесе құмнан ін қазып тіршілік етеді. Басқа көпқылтаңды құрттар секілді денесі созылыңқы, өте көп буылтықты және буылтықтарында шоқтанып орналасқан қылтанды болып келеді. Құрттар қылтандары арқылы су түбінде жорғалап жүреді (қылтандар аяқтың қызметін атқарады). Нереиданың түсі - жасыл. Нереида 1939 жылдан бастап Каспий теңізіне жерсіндірілді, оны бекіре балығы қорек етеді.

Дене ұзындығы 90 см дейін 35 туысының 450 түрі белгі . ТМД-да 30-дай түрі таралған Барлық теңіздерде кездеседі, бірақ тропикалық теңіздерде жиілеу Кейде өте тұщы суларды, (Өзен сағалары, мангр ормандары) мекендейді. Көбінесе су жиегіндегі батпақты паналайды. Талғамсыз қоректілер. Балықтар мен цустар қорегі. Нереид туысынының ТМД-да 15 түрі бар. Арал және Каспий теніздерінде бекірелілердің қоректік қорын молайту үшін Nereis diversicolor жерсіндірілген.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Денесі шамамен үш бөліктен тұрады: басқы бөлігі, көптеген буылтықтардан құралатын тұлға бөлігі және қысқалау келген аналь бөлігі. Нереиданың денесінде көп қылтандардың болуы, оның алдағы уақыттағы аяқтарын білдіреді.

Тері-бұлшықет қапшығы Денесі құрт тәрізді созылыңқы және сәл жалпақтау болып келеді.Бас бөлігі бастан және ауыздан құралады. Көпқылтандылардың аналь бөлігінен басқа дене бөліктерінде аяқтың қызметін атқаратын қылтандары болады. Денесі бір қабатты эпителиймен қапталған, оның сыртын кутикула қаптайды.

Тері-бұлшықет қапшығы екі қабаттан: эпителий астында сақиналы бұлшықет қабаты, оның астында бірыңғай салалы бұлшықет қабаттарынан құралады. Құрттар осы бұлшықеттері арқылы созылып-қысқарып, ирелеңдеп жүре алады.

Дене қуысы Дене қуысы тері-бұлшықет қапшығының астында сұйықтыққа толы болады. Сол сұйықтықта құрттың ішкі мүшелері орналасады. Дене қуысы жұмыр құрттардағыдай бүкіл денеге созылмай, буылтық сайын перделермен бөлінеді.

Тыныс алуы Тынысалу мүшесі-желбезек. Терісі де тыныс алуға қатысады.

Зәр шығаруы Оның зәр шығару жүйесі ашық болады. Әрбір буылтықтарда зәр шығару мүшелері болады. Зәр шығару мүшесінің кірпікшелі шұқырағы буылтық қуысына ашылады, денедегі қажетсіз зат дененің қабырғасындағы арнаулы зәршығару тесігі арқылы сыртқа шығарылады.

Қан айналымы Оның тұйық қанайналым жүйесі бар. Мұнда екі тамыр- арқа және құрсақ қан тамырларының тақаратын мәні зор. Тамырлар құрт денесінде ішектің үстіңгі және астыңғы жағында орналасып, әрбір буылтық сайын бірімен-бірі сақиналы тармақтар арқылы жалғасады. Құрттың арқа тамыры жиырылады, қанды лүпілі арқылы басына қарай айдайды, ал қан құрсақтамырға сақиналы тармақтар арқылы таралады. Құрсақтамырдағы қан дененің соңғы бөлігіне қарай жылжиды. Қанның түсі - қызылҚ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 65 б., ISBN 5-625-03599-7.

Дереккөздер

Санат:Көпқылтанды құрттар‎