Болатжан Шайзадаұлы Абылқасымов (8.4.1950, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қабанбай батыр ауылы – 14.3.2009, Астана қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1994), профессор (1996).

Өмірбаяны Найман тайпасы Қаракерей руының Бәйжігіт тармағының Мәмбет бұтағынан шыққан.

ҚазМУ-ды бітірген (1973). Мәскеу қаласындағы Шығыстану институтында ғылыми тәжірибе (1977–79) алмасты. Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында аға лаборант (1973–75), кіші ғылыми қызметкер (1975–77, 1979–81), ғалым-хатшы (1981–89), докторант (1989–92) Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті) декан, кафедра меңгерушісі (1992–2006) 2006 жылдан өмірінің соңына дейін Еуразия ұлттық университетінде профессор қызмет атқарған.

Ғылыми еңбектері «Қазақтың көне наным-сенімдеріне қатысты ғұрыптық фольклоры» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ұлттық фольклористикаға деген жаңа көзқарас, соны ізденістерге толы зерттеу еңбектерінің авторы.: «Жанр толгау в казахской устной поэзии», 1984; «Телқоңыр», 1993; «Көкбай ақын», 1998“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010. ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:8 сәуірде туғандар Санат:1950 жылы туғандар Санат:Үржар ауданында туғандар Санат:14 наурызда қайтыс болғандар Санат:2009 жылы қайтыс болғандар Санат:Астанада қайтыс болғандар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті оқытушылары Санат:Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің профессорлары Санат:Еуразия ұлттық университетінің профессорлары