Сейітқали Аманжолов (1955 жыл, Қарағанды облысы, Ұлытау селосы) – ғалым, ұстаз, суретші, Ресей Федерациясы педагогика ғылымдарының докторы (2004), Қазақстан Республикасы педагогика ғылымдарының докторы (2006).

Жезқазған педагогика институты көркем сурет және графика факультетінің сурет және сызу мамандығын бітірген (1980). И.Репин атындағы Көркем өнер академиясы, Біліктілік факультеті, (1985, сентябрь-декабрь).Ленинград қ. В.И.Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогтік институты, ғылыми тағлымдама (1987-1989) В.И.Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогтік институты, аспирантура (1989-1992) Мәскеу мемлекеттік педагогтік университеті, докторантура (2001-2004) Мәскеу мемлекеттік педагогтік университеті, ғылыми тағлымдама (2010-2011)

Жетістіктері Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі,(1996), Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі (2000), Ресей Суретшілер одағының мүшесі (2011), "2007 жылдың ЖОО үздік оқытушысы" мемлекеттік грант иегері, 2010 жылдың Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты, "2011жылдың ЖОО үздік оқытушысы" мемлекеттік грант иегері. Лев Гумилев атындағы медаль, 2015, Астана Н.Н.Ростовцев атындағы медаль, 2017. Москва Мәскеу облыстық Білім министрінің "Құрмет грамотасы", 2019 Мәскеу мемлекеттік облыстық университетінің " Құрметті Докторы", 2020, Москва

Ғылыми жұмыстары Негізгі ғылыми еңбектері: «Балалар суреттерін ғылыми негізде зерттеу" (2000) «Бейнелеу әрекетінде төменгі сынып оқушыларының шығармашылық бейімділігін дамыту және даралай оқыту» (2004) «Мектептегі бейнелеу өнері» 1–2-сыныптар, М.:МПГУ (2002) «Мектептегі бейнелеу өнері» 3–4-сыныптар, ЖезУ (2002) "Бейнелеу өнерін оқыту технологиясы" оқу құралы, Астана, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2006) "Студенттердің шығармашылық қабілетін халыптастыру", Әдістемелік нұсқаулық, Астана, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2007) "Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі". Оқулық, Астана, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2010) "Методология художественного образования, М.Прометей, 2011, 188 с. (академик С.П.Ломовпен) оқулық "Цветоведение", М,; ВЛАДОС, 2014, 144 с.(академик С.П.Ломовпен) Мечта воплощенная в жизнь, 2015, 234 с. монография, Изобразительная деятельность младших школьников. 2018, 147 с 210-ға жуық ғылыми-әдістемелік жарияланымның авторы.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 Жезқазған энциклопедиялық анықтама, Бас редактор; Қожамсейтов С.У. Алматы, 2005, ISBN 9965-680-67-1; Астана энциклопедиясы, Алматы "Атамура" 2008 ISBN 9965-34-879-0;Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары, ғұмырнама анықтамалығы,/ Бас рекдактор С.Абдіманапов - Астана, ЕҰУ баспасы, ISBN 9965-442-51-7; ҰЛЫТАУ. Ұлытау ауданы энциклопедиясы, Астана, 2018, "Кәусар" баспасы, ISBN 978-601-7921-37-8

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Аманжолов Сейтқали Әбдіқадырұлы | Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ...

Санат:1955 жылы туғандар Санат:Ұлытау ауданында туғандар Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Педагогика ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Профессорлар