Жырақұдық — Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Қособа ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жымпиты ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 24 км-дей жерде, Өлеңтінің сол саласы - Жырақұдық өзенінің жағалауында, жусан аралас әр түрлі астық тұқымдас шөптер өскен сортаңдау ақшыл қоңыр топырақты құрғақ далада орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 926 адам (450 ер адам және 476 әйел адам) болса, 2009 жылы 678 адамды (351 ер адам және 327 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 422 адамды (220 ер адам және 202 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Іргесі 1961 жылы «Қособа» қой өсіру кеңшары ретінде қаланды. Кеңшар негізінде 1997 жылдан Жырақұдықта және округтегі Қособа ауылында серіктестік және 64 шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы Орта, орталау мектептер, мәдениет үйі, клуб, дәрігерлік амбулатория және фельдшерлік пункттер бар. Тұрғыңдары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Сырым ауданы елді мекендері