Еділ Айдарханұлы Әбсаттаров (2.6.1939, Ташкент қаласы) — Медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1977).
Арғын тайпасының Сүйіндік руы күлік бөлімінен шыққан.Тілеке Жеңіс, Шежіре. Ертіс-Баянауыл өңірі, 1995, ISBN 5-615-0177553-8. Павлодар Дауа-Қазақстан
Алматы мемлекеттік медицина институтын (1962, қазіргі Қазақ ұлттық медицина унверситеті) және оның аспирантурасын (1967) бітірген. КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлер білімін жетілдіру институтында ассистент, аға оқытушы, профессор, кафедра меңгерушісі (1967–1986), 1986 жылдан Алматы мемлекеттік медицина институтында проректор, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды.
Оның ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты – жалпы және қан тамырлары хирургиясы мәселелері.
Шығармалары: Пластические операции на магистральных венах, А.-А., 1974; Аневризмы брюшной аорты, А.-А., 1977.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:2 маусымда туғандар Санат:1939 жылы туғандар Санат:Ташкентте туғандар Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлер білімін жетілдіру институты оқытушылары Санат:КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлер білімін жетілдіру институтының профессорлары Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті оқытушылары Санат:Қазақстан хирургтары