Майшабақтар () — Майшабақтәрізділер отрядының тұқымдасы. Денесі екі бүйірінен қысынқы, ұршық тәрізді, ұзындығы, әдетте, 35-45 см, (өткінші нысандарында 75 см-ге жететіндері кездеседі). Құрсақ жүзу қанаттары кейбіреулерінде болмайды. Басында сейсмосенсорлы өзекшелері жақсы дамыған. Көпшілік түрінде құрсағының как ортасында өткір қабыршактардан тұратын қыры болады. 190-ге тарта түрі су қоймаларында көп тараган. Әсіресе, тропикалық суларда алуан түрлі болса, қоңыржай жзне суық суларда түрлері аз болғанымен, саны көпОрысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3.

Кәсіби маңызды түрлері Атлантикалық Менхэден, Brevoortia tyrannus Атлантикалық майшабақ, Clupea harengus Балтикалық майшабақ, Clupea harengus membras Тынық мұхит майшабағы, Clupea pallasii еуропалық сардина, Sardina pilchardus Дереккөздер

Санат:Майшабақтәрізділер