Рүстем Есімханұлы Қайдаров (18.05.1940, Семей облысы Бесқарағай ауданы Сосновка ауылында туған - 27.12.2019, Алматы) — «Қорғау» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ президенті, Профессор (1998). РЖҒА корреспондент мүшесі (2001), ХАА академигі (2002). Милиция генерал-майоры (1990), әділет генерал-майоры (1995).

Өмірбаяны 1970 ж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ді бітірген, заңгер. 1956-61 жж. - Семей ауыл шаруашылығын механизациялау училищесінде жүкші, электркесуші, тракторшы, мастер. 1961-64жж. - Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген. 1964-66 жж. - ауылдық ПТУ мастері, директорының көмекшісі. 1966-76 жж. - Семей облысы атқару комитеті ІІБ оперативтік уәкілі, тергеушісі, аға тергеушісі, Семей қаласы милиция бастығының орынбасары, Киров АІІБ бастығы, облысы атқару комитетінің ІІБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары. 1976-80 жж. - облысы партия комитетінің нұсқаушысы. 1980-82 жж. - Қазақстан Компартиясы ОК нұсқаушысы. 1982-85 жж. - Семей облысы атқару комитеті ІІБ бастығының орынбасары. 1985-90 жж. - Жезқазған облысы атқару комитеті ІІБ бастығы. 1990-92 жж. - КСРО ІІМ-нің Қазақстан және Қырзызстан бойынша ұйымдасқан қылмысқа және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аймақаралық басқармасының бастығы. 1992-95 жж. - ҚР ішкі істер министрінің орынбасары - бас тергеу басқармасының бастығы. 1995-96 жж. - ҚР МТК төрағасының 1-ші орынбасары. 1996-97 жж. - ҚР МТК Жоғары тергеу мектебінің кафедра бастығы. 1997-99 жж. - ҚазМЗУ кафедра меңгерушісі. 1999 жылдан - «Қорғау» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ президенті.

Қоғамдық қызметі Республикалық қылмысқа және жемқорлыққа қарсы күресті қолдау қорының президенті (1995) «Генералдар кеңесі» ҚБ Төралқасының төрағасы (2000).

Марапаттары «Парасат» орденімен (2006) КСРО, ҚР және РФ-ның 19 мемлекеттік медалімен марапатталған. КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері.Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X

Дереккөздер

Санат:Қазақ мемлекеттік заң университетінің профессорлары Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:КСРО Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкерлері Санат:Қазақстан вице-министрлері