Зәкәрия Жүсіпқалиұлы Сисенғалиев (23 шілде 1957 жыл, Жаңақала ауданы, Мұқыр ауылы) — қазақ ақын, журналист.
Өмірбаяны
1988 жылы Орал педагогикалық институтын бітірген. 1991 жылы Алматы саясаттану және басқару институтын бітірген. 1977-1989 жылы аудандық «Жаңарған өңір» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы. 1991-1992 жылы облыстық «Орал өңірі» газетінің меншікті тілшісі. 1992-1993 жылы аудандық «Жаңарған өңір» газетінің редакторы болды. 2001 жылдан Жаңақала аудандық әкімінің орынбасары.
«Әнім сенсің, Жаңақала» атты өлеңдер жинағы (А., 2001) шыққан. Сисенғалиевтің 30-дан аса өлеңіне Әсет Бейсеуов, Базарбай Жұманиязов, Донеділ Қажымов, Т.Шәмелов, т.б. композиторлар ән жазған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:23 шілдеде туғандар Санат:1957 жылы туғандар Санат:Жаңақала ауданында туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан журналистері