Хачико немесе Хатико (Нихонго-но-намаэ - ) (10.11.1923 - 08.03.1935)— Акита-ину тұқымының иті, Жапонияда шексіз махаббат пен адалдықтың нышаны.
Өмірі Хачико 1923 жылы қарашаның оныншы жұлдызында Акита жапон префектурасында туған. Фермер оны Токио университетінде жұмыс істейтін профессор Хидэсабуро Уэноға сыйлыққа тартқаннан кейін, профессор оған Хатико деген сегізінші атын қояды. thumb|left| Сол уақыттағы Сибуя бекеті Үлкейген шағында иесінің артынан ілесіп қалмайтын. Күн сайын Сибуя бекетінда профессорды шығарып салып, сағат үшке таман қайта оралып қарсалатын. 1925 жылы қарашаның 21-інде Хидэсабуро инфаркт алады. Дәрігерлер көмегі профессордың өмірін құтқара алмағандықтан، профессор қайтыс болады. Сол күні 18 айлық Хатико қожайынын әдеттегідей бекетте күтіп тұрады, бірақ профессор үйіне оралмайды. Күнделікті бір уақытта келіп, шыдамдық танытқан ол қараңғы түн батқанға дейін тосып жүреді. Иттің қажырлығына таңғалған жергілікті саудагерлер, теміржолшылар, т.б. оған үстеп тамақ беріп қоятын. Бұлдыраған қалың топ арасынан Хидэсабуро Уэноның жүзін іздеп, 9 жыл бойы өмірінің ақырғы күніне дейін станцияның қасына қайта-қайта келіп күтіп отыратын.
1932 жылы "7 жыл бұрын қайтыс болған қожайынын күтіп жүрген ит" деген мақала Токионың әйгілі газетінде жарияланғаннан кейін, Сибуя станциясына жапон елінің мақтанышына айналған Хатиконы көптеген адамдар көруге келеді.
Өлімі thumb|left|Хатико моласы. Аояма, Минато-ку ауданы, Токио 1935 жылы 8 наурызда иттің өлігі станция маңында табылды. Хатикода қатерлі ісік пен жүрек құрттары болғаны белгілі болды.
Есте қалған — адал дос thumb|180px|left|Хатиконың Ұлттық Ғылым Мұражайында орналасқан тұлыбы. Уэно, Токио. Бұдан бір жыл бұрын 1934 жылы сәуірдің 21-нде Хатикоға арналып салынған ескерткіш ашылады. Ашылу рәсіміне Хатиконың өзі де қатысқан болатын.
Ескерткішті Екінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде темірлерін әскери мақсатта пайдалану үшін бұзады .Бірақ жапондар итті ұмытқан жоқ — 1948 жылы қайта ескерткіш тұрғызылады. Бүгінгі күнде Сибуя станциясындағы Хатико ескерткіші Ғашықтардың байламды жері болып саналады.
Хатиконың қалдықтары тұлып ретінде Уэнодағы (Токио) Ұлттық Ғылыми Мұражайында сақталынған.Opening of the completely refurbished Japan Gallery of National Museum of Nature and Science "In addition to the best-loved specimens of the previous permanent exhibitions, such as the faithful dog Hachikō, the Antarctic explorer dog Jiro and Futabasaurus suzukii, a plesiosaurus native to Japan, the new exhibits feature a wide array of newly displayed items." 2007 Ұлттық Ғылым Мұражайы, Уэно, Токио. Хатико қалдықтарының бір бөлігі кремацияланған күйде Минато-ку атты ауданда, Аояма деген зиратта жерленген. Сондай-ақ Хатоко жапондық үй жануарларына арналған виртуальдық зиратта Құрметті орын алып тұр.
Мәдениетке әсері
1987 жылы "Хатико хикаясы" (), кейіннен 2009 жылы "Хатико: Ең адал дос" атты фильмдері шықты.
"Хачико. Иесін күткен ит" көркем шығармасы
Лесли Ньюманның «Хачико. Иесін күткен ит» шығармасының негізгі идеясы – адалдықтың, шексіз берілгендіктің және үміттің мәңгі өшпейтін құндылық екенін көрсету. Шығармада Хачиконың қожайыны қайтыс болғаннан кейін де жылдар бойы оны күтуі арқылы нағыз адалдықтың өліммен де тоқтамайтынын, жан иесінің шынайы сүйіспеншілігі уақытқа бағынбайтынын, мейірім мен сенім адамды (және адам мен жануарды) мәңгі байланыстыратыны бейнеленеді. Хачико бейнесі арқылы ол жануардың да терең сезімге, естелікке және үмітке ие бола алатынын көрсетеді. Автор адамның тірі жанға деген мейірімі мен жауапкершілігі оның адамгершілік деңгейін айқындайтынын айқын жеткізеді. Шығарма оқырманды сабырлы болуға, уәдеге берік жүруге және жақын жандарын қадірлеуге тәрбиелейді. Сонымен қатар автор үміт пен сенім жойылмаса, рухани құндылықтар да мәңгі жасайтынын ой салу арқылы адамды ішкі тазалыққа жетелейді.
Дереккөздер
Тағы қараңыз Грейфраерс Бобби Балто
Сыртқы сілтемелер
http://krasyliv.in.ua/reading_holl/interes/5731-xatiko.html Хатико Встретимся у Хатико История Акита-Ину
Санат:Атақты иттер