Әбілқасымұлы Сейтқан (18 қыркүйек 1926 жыл Қытай Халық Республикасы, Алтай аймағы, Жеменей ауданы, Топтерек ауылы) - жазушы.
1934 жылы мектеп табалдырығын аттаған талапты жас 1938 жылы, әкесі Үрімші түрмесіне қамалғаннан кейін, оқудан қол үзіп, еңбекке араласты. 1944 — 1945 жылдары Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық көтеріліске қатысты. 1947 жылы Шығыс Түркістан Жеменей аудандық жастар ұйымының хатшысы. 1948—1954 жылдары Шыңжаң халық демократиялық одағының Қаба аудандық атқару комитетінің бастығы, Алтай атқару комитеті бастығының орынбасары болып істейді. 1954—1957 жылдары Қытай коммунистік партиясы Алтай аймақтық комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі. 1958 — 1964 жылдары «Алтай» газетінің Бас редакторы болды.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Мәдени төңкеріс кезінде қуғынға түседі. 1969 жылы абақтыдан қашып шығып, моңғолияға өтеді. Шығармалары Қаламгердің үш роман, төрт повесть, екі өлеңдер жинағы моңғол, қазақ тілдерінде кітап болып басылып шығады. 1981 жылы «Жазушы» баспасынан «Қара боран» романы жарық көрді. 1993 жылы атамекеніне оралған жазушының қаламынан «Оспан батыр», «Бір уыс қан» атты шығармалар туындады.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:18 қыркүйекте туғандар Санат:1926 жылы туғандар Санат:Қытайда туғандар Санат:Ұлт-азаттық қозғалыстар қатысушылары Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Моңғолия жазушылары