Мұқыр – Қараөзен алабындағы өзен.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы жерімен өтеді. Ұзындығы 54 км.

Бастауы Бастауын Саршығанақ көлінің оңтүстігінен 15 км қашықтықтағы бұлақтан алады. Мұқыр ауылы тұсында сол жағынан Қараөзенге құяды.

Гидрологиясы Арнасының батыс жағалауы тік жарлы. Жер асты, қар және жаңбыр суларымен молығады. Жайылмасы — шабындық. Балығы бар.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Жаңақала ауданы өзендері