Көшім жерасты суы - Орал қаласынан оңт-ке қарай 40-50 км қашықтықта орналасқан су көзі. Жерасты суының деңгейі 1,5-10 м тереңдікте байқалады. Скважиналардағы су шығыны 26,0-28,3 дм3/с-қа дейін жетеді. Суы ішуге жарамды, минералд. 0,6-0,8 г/дм3. Ара қашықтығы 315 м болатын 10 су шығару скважинасы орнатылған. Бір скважинадағы су шығыны 2.160 м3/тәулік. Оның суын Ақжайық, Тасқала, Зеленов аудандарының елді мекендері пайдаланады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер