Айман Әбдіғаппарқызы Мұхтыбаева - 1967 жылы 16 шілдеде Жамбыл облысы Михайловка селосында туған. 1990 жылы Алматы мемлекеттік медициналық университетін бітірген, дәрігер-терапевт.
2006 жылы - Еуразия нарық институтын бітірген, қаржы бакалавры.
1990-98 жылдары - жедел медициналық көмек ауруханасының дәрігері.
2001 жылы «Династия» өмірді сақтандыру жөніндегі компаниясы» АҚ бас андеррайтері, андеррайтинг және талаптарды реттеу басқармасының бастығы.
2004 жылдан - «ТұранӘлем Банкінің еншілес ұйымы өмірді сақтандыру компаниясы «БТА Өмір» АҚ Басқарма төрайымы.
Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Кәсіби шеберлік». Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Жауапкершілікті сезіну, ұқыптылық, командамен жүмыс істей білу».Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X
Дереккөздер