Қазанасы, Күздік - Батыс Қазақстан аймағында күз айларында, соғым алдында сойылатын мал еті. Қазанасы үшін тандалған ісек не тай-баспақ бірнеше ай бұрын бордақыланып, семіргіледі. Кей жерлерде Қазанасына сойылатын ісекті терісімен үйітіп, мүшелейді. Бұл қыс түсіп, күн суытқанша еттің бұзылмай сақталуын, әрі Қазанасының мол болуына мүмкіндік береді.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Қазақстан тарихы