Арман Асылбекұлы Мекішев - 1967 жылы 9 шілдеде Алматы қаласында туған. 1990 жылы МФТИ-ді бітірген, математик;

1996 жылы қаржы академиясын (РФ) бітірген, экономист.

1991 жылы - Мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалы даму орының инженер програмисі.

1992-93 жылдары - «Каздорбанк» АБ жетекші экономисі.

1993 жылы «Номадбанк» АКБ бөлімінің бастығы.

1993-98 жылдары - ҚР Ұлттық банкі бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары, бастығы, банк қадағалауы департаменті директорының орынбасары, сақтандыру қадағалауы департаментінің директоры, банк қадағалауы департаментінің директоры, банк және сақтандыру қадағалауы департаментінің директоры, Женева қаласы өкілі.

2003-04 жылдары - «Қазақстан ипотекалы несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ Басқарма төрағасы.

2004-05 жылдары - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ даму жөніндегі басқарушы директоры.

2005 жылы - «Казахинстрах» АҚ Басқарма төрағасы.

2006 жылдан - «Қазақстан ипотекалы несиелерге кепілдік беру оры» АҚ Басқарма төрағасы. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлы медалімен марапатталған (2001). ҚР Президентінің Алғыс хатын алған.

Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Алға нақты мақсат-міндеттерді қою, оларға жоспарлы түрде жетіп, орындау».

Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Іс жүргізу кезінде ашық болу, өзіне және айналасындағыларға үлкен талапшылды, іскер серіктестері алдында міндеттемелерін орындау».Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X

Дереккөздер