Кардинал, жалған неон () – тұқы балық тұқымдасы. Ұзындығы 4 см дейін. Денесі жіңішке, қоңыр сары. Ересектерінің денесін бойлай алтын түсті, жас балықтардың, көкшіл-жасыл, жарқыраған жолақтары орналасқан; қалақты жүзбеқанатының ортасы алқызыл. Топталып тіршілік жасайды. Жыныстық жетілуі бірінші жылда аяқталады.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

Санат:Тұқылар