Лутиандар () – тропикалық суларда тіршілік етеді, мұхит балықтары тобына жатады. Кейде оларды коралл (қызыл балық) немесе алабұғалар деп атайды. Сыртқы бейнесі өзен алабұғаларына ұқсайды, түсі алқызылдан қара-қоңыр, сары, қара, көк, жылтыр-күміс теңбіл дақтары болады. Көбінде қызыл және сары қанатты лутиандарды аулайды (салмағы 800 грамнан 2,5 килограмға дейін, кейде 10—15 килограмға дейін жетеді). Еті ақ, нәрлі (семіз-майлы) және дәмді, аздаған қылтанағы болады, одан неше түрлі балық тағамын әзірлейді.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Дереккөздер
Санат:Алабұғатәрізділер