Николай Иванович Веселовский (12 желтоқсан 1848, Мәскеу – 12 сәуір 1918, Санкт-Петербург) – орыс шығыстанушысы, тарихшы, этнограф, археолог, Санкт-Петербург университетінің Шығыс тарихы кафедрасының профессор (1890), Санкт-Петербург ғылым академиясының (1914) және Ресей ғылым академиясының (1917) корр. мүшесі. Орыс археологиялық қоғамының мүшесі.

1867 ж. Вологда гимназиясын бітірген. Санкт-Петербург университетінің шығыс тілдері факултетінің араб-парсы-түрік-татар тілдері бөлімінде (1869–73) оқыды. Орта Азия тарихы, археол-сы мен этногр-н зерттеді, бұрынғы КСРО-ның еур. бөлігі мен Сібір, Моңғолия далаларында көптеп кездесетін балбал тастардың түркі тайпаларына жататынын дәлелдеді. Алғашқылардың бірі болып Орта Азиядағы көне қалалар, соның ішінде Афрасиаб қ-нда қазба жұмыстарын жүргізуді қолға алды. Оның зерттеу еңбектерінде Орта Азия, Алтын Орда тарихы, Қара т. жағалауында із қалдырған ғұндар, скифтер туралы маңызды деректер қамтылды. Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Ш.Ш.Уәлихановтың бір томдық шығармалар жинағын алғаш бастырып шығарған (1904) редактор.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том

Дереккөздер

Санат:24 қарашада туғандар Санат:1848 жылы туғандар Санат:Мәскеуде туғандар Санат:12 сәуірде қайтыс болғандар Санат:1918 жылы қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербургте қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербург ғылым академиясының мүше-корреспонденттері Санат:Ресей шығыстанушылары Санат:Кавказтанушылар Санат:Черкестанушылар Санат:Ресей археологтары Санат:Алтын Орданы зерттеушілер