Қатты жапырақты қоңырбас итсабақ (қатты жапырақты шисабақ, Koeleria sclerophylla P. Smirn) — көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы көк, қатты, биіктігі 40-60 см. Жапырағы көкшіл, жолақ. Жапырақгүлі ірі, ұзыны 10 см-ге дейін болады. Масағының ұзыны 7 мм. Қырқа етектерінде, тастақты, құрғақ топырақты жерлерде өседі. Тұқымынан көбейеді. Мамыр-маусымда гүлдейді. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Астық тұқымдасы