Ибрагимов Кәдір (1908, Алматы облысы Ақсу ауданы Арасан ауылы - 1949) - ақын.
Орта дәрежелі білім алып, ұзақ жылдар мектепте мұғалім болған. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Шығармалары "Жастар әні" "Мектебім" "Бөбек" "Домбыра" "Ілиясқа" "Тың дала" "Шолпан" "Қора" "Ақсуым" "Арасан" "Сауыншы қарындас" әндері, оларға лайықтап шығарған өлең мәтіндері ел арасына кең тараған.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:1908 жылы туғандар Санат:Ақсу ауданында туғандар Санат:1949 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары