Қойсарысор — Қалдығайты өзенінің ағысындағы көл.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының оңтүстік-шығысында, Жаманқұдық ауылынан солтүстікке қарай 18 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 3,37 км2, ұзындығы 2,2 км, ені 1,9 км, жағалауының ұзындығы 13,8 км. Жауын-шашын және жер асты суымен толығады. Қарашада қатып, сәуірдің 1-жартысында мұзынан арылады. Суы тұзды, ащы. Көктем айларында суы молайып, жаз айларында екі бөлініп, сор батпаққа айналады. Жағалауы жайылым.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Ақжайық ауданы көлдері Санат:Жайық су алабы өңірі