Оярс Якубович Витолс (7 тамыз 1930, Латвия Лиепая қаласы – 1987, Қарағанды қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1985).
Өмірбаяны Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын (1963 жылы, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген Қарағанды облысы туберкулез ауруына қарсы функционалдық диспансері диагностика бөлімінің дәрігері (1963–1970 ж.) 1970 жылдан Қарағанды мемлеттік медицина институтында ассистент (1970–1980), доцент (1981), ал 1985 жылдан кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ғылыми жұмыстары 1984 жылы «Диагностика, клиника и лечение ХНЗЛ у больных туберкулезом и у лиц с остаточными туберкулезными изменениями» деген тақырыпта доктордық диссертация қорғады. Витолс өкпе туберкулезін, қосақтасқан созылмалы пневмония белгілерін зерттеп, сол ауруды анықтау және емдеу тәсілдерін тапқан; кезінде осымен байланысты алты тиімді ұсыныс жасаған. Оның негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері өкпе туберкулезін емдеу мәселелеріне арналған. 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы.Қазақ ЭнциклопедиясыҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:7 тамызда туғандар Санат:1930 жылы туғандар Санат:Латвияда туғандар Санат:1987 жылы қайтыс болғандар Санат:Қарағандыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары