Елеукен Хамидоллаұлы Ғабдыров(25.12.1912, Атырау облысы Индер ауданы - 16.10.1989, Алматы) - ғалым, филология ғылымының докторы (1968). ҚазҰУ-ды бітірген (1944). 1944 - 62 ж. ҚазҰУ- да оқытушы, аға оқытушы, доцент, филология факультетінің деканы, 1962 - 87 ж. Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі, аға ғылымы қызметкер, Қазақстандағы орыс әдебиеті бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1987 жылдан осы институтың ғылыми кеңесшісі. Ғабдыров 60-тан аса ғылыми-зерттеу еңбектерінің авторы. Шығармалары: Шабыт қайнары, А., 1978; М.Горький и қазахская советская литература. А-А., 1966; Русские советские писатели и Қазақстан, А-А., 1970; О национальном и интернациональном в советской литературе, А-А., 1978; Писатель и действительность, А-А., 1984.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер
Санат:1912 жылы туғандар Санат:Атырау облысында туғандар Санат:1898 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақ ғалымдары Санат:Орыс әдебиеті