Сейфілмәлік-Бәдіғұлжамал - оқиғасы "Мың бір түннен" алынып, ел арасына кең тараған ғашықтық дастан. Тұңғыш рет 1807 жылы "Сейфүлмәлік" деген такырыппен шағатай тілінде жарияланды. Осы кітаптан кейін қазақ арасына кең тараған жырдың екі нұсқасы он шақты рет басылып шықты. 1870 жылы В.В. Радлов жинағында басылған нұсқа, оны Лк.Шайхысыламұлы қайта жырлап, 1903, 1908 жылдары Қазан қаласында бастырған. Радлов жинағындағы және Жүсіпбек бастырған нұсқаның тілі таза, араб-парсы сөздері аз, көп сөзділік, қайталау кездеспейтін көркем туынды. "Қисса-и-Сейфулмәлік", "Қисса-и Ғабдулмалик деген әр түрлі тақырыппен 7 - 8 рет Қазан қаласында басылып шыққан Ақыт Ұлымжыұлы Карымсаков нұскасы. Қазақ арасына мол тараған жырдың композициясы сәтті құрылған әрі көркем жазылған. "Сейфілмәлік-Бәдіғұлжамал" дастаны шығыс сюжетіне құрылса да, қазақ халқының ауыз әдебиетімен орайласып, үйлесіп кеткен шығарма. Дастан "Ғашыкнаме" жинағына енді (1979).Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Сейфілмәлік-Бәдіғұлжамал · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.