Төлеубай Үркімбаев (1889-1956) - ақын. 16 жасынан Жосалы, Жалағаш темір жолы стансасында жұмыс істеген. Шығармалары мерзімді баспасөзде 1929 жылдан жарияланған. Ақынның өлеңдері ("Халық ақындары", 1953; "Ақын жырлары", 1958) әр жылдары жарық көптеген жинақтарға енгізілген. "Құрмет белгісі" орденімен (1945), бірнеше медальдармен, грамоталармен марапатталған.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6 Ұлы Отан соғысы кезінде өлеңдері майдандық газеттерде жарияланып тұрды. Аудандық, облыстық ақындар айтысына белсене қатысқан. «Қазақстанның XV жылдығы» белгісімен (1935), «Құрмет Белгісі» орденімен (1945) және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған (1945). Туған ауылы мен Жалағаш аудандық орталығында көшеге Т.Үркімбаев есімі берілген.
Дереккөздер