Ағынықатты – Шар өзенінің жоғарғы бойындағы оң саласы.

Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданындағы өзен. Ұзындығы 58 км, су жиналатын алабы 982 км2.

Бастауы Сантас тауының оңтүстік-батыс беткейінен басталады.

Гидрологиясы Жағасы жазық, арнасы құмды, малтатасты. Ағынықатты жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Желтоқсанның басында қатып, сәуір айының соңында мұзы ериді. Көктемде 20 күндей су деңгейі көтеріледі. Жазда құрғамайды. Егіс, мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жарма ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы