Сағадат Сәлімбаев (10.04.1935 жылы туған, Алматы облысы Еңбекші ауданы Түрген ауылы)- жазушы. Талғар қаласындағы ауыл және орман шаруашылық техникумын (1959), ауыл шаруашылық институтын (1965) бітірген. Туған жері Ақбастау ауылында орналасқан мал бордақылау трактор бригадасы бригадирінің көмекшісі, бригадирі, механик, Қаскелең ауданындағы «Дружба» кеңшары машина-трактор жөндеу шеберханасының меңгерушісі, Чапаев атындағы кеңшарының бас инженері, Есік қаласында жеңіл машина жөндеу мекемесінің, тігін фабрикасының бастығы болған. Алғашқы "Араша" атты хикаятына он екі әңгімесі қосылып жинақ болып шықты (1993). Сондай-ақ, "Арпалыс" (1997), "Батырлар ұрпағы" (1998) прозалық кітаптары жарық көрген.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Сағадат Сәлімбаев · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.