thumb|right|200px Әкімгерей Қоспанов (1878, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Бөрте ауылы - 1932, Шымбай қыстағы, Қарақалпақстан) - ақын. Тама руынан. "Қарасай-Қази", "Орак-Мамай", "Телағыс", "Қобыланды", "Асан қайғы" киссаларын жырлаған. Ақтөбе, Орал, Орынбор, Қазалы, Қызылорда, Шымкент, Ташкент, Қарақалпақстан өңірлерін аралап, жыр айтқан. А. Затаевичке ондаған ән мен "Ақсақ құлан" күйін жаздырған. Өлең-жырлары, айтыстары көп сақталмаған. Ел арасына кең тараған айтыстардың ішінде Мырзабек Байжановпен (Қызыл жырау) айтысы ғана хатқа түскен.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:1878 жылы туғандар Санат:Мәртөк ауданында туғандар Санат:1932 жылы қайтыс болғандар Санат:Шымбай ауданында қайтыс болғандар Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Қазақстан жыршылары Санат:Айтыс ақындары Санат:Қарақалпақстанда қайтыс болғандар