Алтыбай күмбезі – Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері Шет ауданы жеріндегі Бетпақдаланың Арқа жақ шетінде, Қушоқы тауының маңында, Шажағай өзенінің бойында орналасқан.

Сипаты XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында тарақты Алтыбайға арнап тұрғызылған ескерткіш-кесене. Қабырғасының биіктігі 2,5 м, күмбезі 3,5 м, қалауының ені 0,8 м күмбездің кірпіші жүн, май араластырып иленген. Сондықтан, жаңбырға езілмей, үгілмей сақталған. Кесененің шаршы іргелігі жоғарғы жағы саңырауқұлақ сияқты бітетін үш цилиндрлі сирек кездесетін сатылы күмбезбен жабылған. Күмбездің табаны мен төменгі текшесі жұмыр жарты бағандармен және шағын қуыстармен әшекейленген. Осындай қуыстар күмбездің жоғарғы кемерінде де бар. Бұрыштары ширек бағандармен бекітілген. Мүрде жатқан төмен шаршы бөлік жоғарғы бөліктен әдемі айшықты бағандармен бөлінген. Алтынбай күмбезінің жалпы биіктігі 6 м кіретін аузы күнгей жақта. Іші әктелген, жарық түсетін саңылаулары бар. Алтынбай күмбезі қазақ сәулет өнерінде өзіндік ерекшелігі бар құрылыс.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Қарағанды облысы сәулеті Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері