Сейіттөбе – ерте орта ғасырлардан сақталған қала орны.

Орналасқан жері Түркістан облысы Шардара ауданы, Қоссейіт ауылынан 1 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Сипаты 1950 жылы А.Н. Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеді. Аумағы оңтүстік ені – 190 м, солтүстік ені – 220 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай – 140 м тікбұрышты төбе. Солтүстік-шығыс бұрышында бір, оңтүстігінде кішірек екі мұнарасының қалдығы сақталған. Соңғысы кірер қақпадағы күзетші мұнара болған тәрізді. Табылған заттардан қаланың орта ғасыр қалаларына тән үш бөліктен (қорған, шаһристан, рабад) тұратыны анықталды.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Түркістан облысы географиясы Санат:Қазақстан көне қалалары