Григорий Арнольдович Столяров (8.3.1892, Одесса қ. - 14.9. 1963, Мәскеу қ.) - дирижер, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1947).
1915 ж. Петроград консерваториясын - Л.С. Ауэрдің скрипка, Н.Н. Черепниннен дирижëрлікті және А.К. Глазуновтың (аспаптау ???) сыныптары бойынша бітірді. 1945 - 48 ж. Алматыда тұрып, Қазақ академиялық опера және балет театрында бас дирижер болды. М.Төлебаевтын "Біржан Сара" операсының премьерасында дирижерлік етті. Ол педагогикалық қызметпен де айналысты: Одесса консерваториясының ректоры (1923 - 29), Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, 1945 - 48), Мәскеу консерваториясы (1934 - 43) және Мәскеу әскери дирижерлер институтынын (1948 53) профессор болған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:20 наурызда туғандар Санат:1892 жылы туғандар Санат:Одессада туғандар Санат:14 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1963 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Новодевичье зиратында жерленгендер Санат:КСРО дирижерлері Санат:XX ғасыр дирижерлері Санат:КСРО музыка педагогтары Санат:XX ғасыр музыка педагогтары Санат:Мәскеу консерваториясы оқытушылары Санат:Мәскеу консерваториясының ректорлары мен директорлары Санат:Одесса музыка академиясы оқытушылары Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Қазақстан дирижерлері