Жанат Аңсабайқызы Чайкина (1954 жылы 14 маусымда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1991). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы.

Толығырақ Жанат Аңсабайқызы 1954 жылы 14 маусымда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылында дүниеге келген. 1971 - 1975 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік бөлімін бітірген. 1975 жылы Талдықорғандағы облыстық қазақ драма театрына қызметке келіп, театрдың негізін қалаушылардың бірі болды. 2008 жылы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрына ауысты.

Сахнадағы негізгі рөлдері Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» – Баян, «Ақан сері-Ақтоқты» – Ақтоқты, «Қыз Жібек» – Қамқа, М. Әуезов «Қарагөз» – Қарагөз, «Еңлік-Кебек» – Еңлік, «Хан Кене» – Қарашаш, К. Гольдони «Екі мырзаға бір қызметші» – Беатриче, У. Шекспир «Асауға тұсау» – Катарина, «Сонеттер» – Ақын, «Король Лир» – Корделия, Шут, А. Чехов «Ваня ағай» – Соня, «Шағала» – Заречная, Ф. Шиллер «Мария Стюарт» – Мария Стюарт, Еврипид «Медея» – Медея, А. Цагарели «Ханума» – Ханума, Ш. Айтматов «Ана–Жер Ана» – Жер Ана және т.б бейнелерді сомдайды.

Марапаттары Халықаралық театр фистивальдерінің бірнеше мәрте лауреаты. 1978 жылы республикалық жастар шығармашылығы байқауының дипломанты. 1995 жылы "Матай" қоры жарияланған І.Жансүгіров атындағы бәйгені жеңіп алды.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8 1991 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (Қазақ КСР); 2015 жылы елбасының жарлығымен «Құрмет ордені» мен марапатталған. 2016 жылы Қазақстанның "Еңбек ардагері" медалінің иегері.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан театр актрисалары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры тұлғалары Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері