Шашу - қазақ биі. Музыкасы Е.Г. Брусиловскийдікі. Муз. өлше-мі 6/8. Ырғағы өте екпінді. Алғаш 1934 жылы "Қыз Жібек" операсында орындалды. Би халықтың әдет-ғұрып дәстүрлерінің бірі шашу (құрт, ірімшік, өрік-мейіз, теңге, т.б.) шашу сәтін бейнелейді. Биді қойған А.А. Александров. "Шашу" биі 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде көрсетілді. Қазір көптеген кәсіби және көркемөнерпаздар ансамбльдерінің репертуарында бар.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Қазақ билері