Жұпар Манапова (25 желтоқсан 1925, Алматы — 10 шілде 2006) - актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі (1980). Ысты руынан шыққан.
Алматы музыка училищесін бітірген (1947). Орал облыстық музыка комедия театрының құрамына кабылданды. Осы театр сахнасында койылған Р.Фримл мен Г.Стотхарттың опереттасында тұңғыш рет Роз-Маридің ролінде ойнады. 1948 жылдан Атырау облыстық қазақ драма театрында актриса. Рольдері Қыз Жібек, Баян (Ғ.Мүсіреповтің "Қыз Жібегі" мен "Қозы Көрпеш - Баян сұлуында"), Тоғжан (М.Әуезовтің "Абайында"), Лағыл (Ә.Әбішевтің "Кім менің әкем?" спектаклінде: осы рөлі үшін 2-Республикалық драма театрлары байқауының лауреаты атанды, 1950), Комиссар (В.В. Вишневскийдің "Оптимистік трагедиясында"), Аркадина (А.П. Чеховтың "Шағаласында"), Лидия (А.Н. Островскийдің "Ұшынған ақшасында"), Маруся (А.А. Дударевтің "Тоскауылында") т.б.
"Құрмет белгісі" орденімен жөне медальдармен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:25 желтоқсанда туғандар Санат:1925 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан актрисалары Санат:Қазақ КСР-інің халық әртістері Санат:Алматы музыка колледжі түлектері Санат:Батыс Қазақстан облыстық музыкалы комедия театры әртістері Санат:Атырау облыстық қазақ драма театры әртістері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:2006 жылы қайтыс болғандар Санат:10 шілдеде қайтыс болғандар