"Ауыл әуендері" - ән-би ансамблі. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы "Қоскөл" мәдениет үйі жанынан 1983 ж. ұйымдастырылған.

Репертуарында халық әндері, күйлері және билері бар. Алғашқы көркемдік жетекшісі Е.Молдағалиев. 1989 ж. "халық ансамблі" атағын иеленді. 1989 ж. Ақтөбе қаласындағы "Жастар дауысы" Республикалық телебайқауына, 1988 ж. Мәскеу қаласындағы фестивальға қатысты.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Қазақстан музыкалық ұжымдары Санат:Қаратөбе ауданы Санат:Батыс Қазақстан облысы мәдениеті Санат:1983 жылы пайда болғандар