thumb|250px|Қ.Ахмедияров Қаршыға Ахмедиярұлы (шын аты Қаршымбай, 25.3.1946 жылы туған, Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылы) —күйші-домбырашы, Қазақстанның халық әртісі (1991). Алматы консерваториясын (К.Мұхитов класы бойынша) бітірген (1972). 1967 -91 ж. Қазақ академиясында халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижёр-қызметтерін атқарды. 1986 -1988 ж. Мәскеу қаласында Жоғарғы дирижёрлік курста оқыған. Ахмедиярұлының репертуарында отандық, шет ел композиторларының шығармалары бар. 1974 жылдан Алматы консерваториясында педагогикалық қызметтен (1991 ж. кафедра меңгерушісі,1994 ж. профессор) шұғылданып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты.
Күйлері "Шашақты найза, шалқар күн"(Махамбет), "Әсемқоңыр" (Дина), "Сарыарқа" (Құрманғазы), "Жігер"(Дәулеткерей), "Атырау" күйлер жинағы жарық көрген. Ол "Нарын", "Қуаныш", "Сағыныш", "Аққайың", "Желдірме", т.б. күйлердің авторы.
Ахмедиярұлы гастрольдік сапармен Болгария, Венгрия, Югославия, Куба, Финляндия, Франция, Италия, Үндістан, Ангола, Жапония, АҚШ, т.б. елдерде болды. Қазақстан мемлекеттік сыйлығы иегері (1982). Парасат орденімен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Тұлғалар Санат:1946 жылы туғандар