Бауыржан Момышұлы ескерткіші – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген мүсіндік өнер ескерткіші.
Орналасқан жері Тараз қаласы, Абай даңғылы мен Төле би көшелерінің қиылысында, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының алдына 2000 жылы қойылған.
Сипаты Қоршаған архитектура кеңістік ортамен үйлесіп, төңірегіндегі ғимараттардың сәнін арттыра түседі. Мүсіншілері Д. Әлдеқов, Н. Рүстемов, архитекторлары С. Дембай, Н. Баекеев. Гранит тұғырға орнатылған қола мүсін халық батыры Бауыржан Момышұлының батыл кейпін ашқандай, айрықша қөз тартады. Мүсіннің биіктігі 4,6 м, тұғыры 3,3 м. Шыңдалған мыстан құйылған мүсін, көлемі үлкен тұғырмен, оның етегінде жалтыратылған қызыл граниттен жайыла төселген баспалдақтармен мейлінше үйлесімділік тауып тұр. Тұғырдың бетінде гранит тақташаға Батырдың жұлдызы салынып, "Бауыржан Момышұлы" деп жазылған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Тараз ескерткіштері Санат:2000 жылы пайда болғандар Санат:Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Тараз сәулеті